Алматыда Борис Годунов есімді азамат ар-намысына нұқсан келтірді деп “Жұма таймс/ДАТа недели” газетін айыптап, басылымнан 100 миллион теңге көлемінде материалдық өтемақы төлеуді талап етіп отыр.
Мамырдың 27-сі күні Алматыда Борис Годунов есімді азамат пен “Жұма таймс/ДАТа недели” газетінің арасында алғашқы сот мәжілісі өтуі тиіс еді, алайда, шағым берушінің келмей қалуына байланысты сот отырысы кейінге қалды. Годунов өзінің ар-намысына нұқсан келтірді деп, “Жұма таймс/ДАТа недели” газетінен 100 миллион теңге өтемақы төлеуді талап етіп отыр. Сондай-ақ, осы газеттің бас редакторы Бақытгүл Мәкімбайдың айтуына қарағанда, мамырдың 26-сы күні редакцияға Алматы қаласының бұрынғы, ал Шығыс Қазақстан облысының қазіргі әкімі Виктор Храпуновтың әйелі Лейла Храпуновадан осы газетті сотқа бермекші екендігін ескерткен хат келіпті.
Борис Годунов мамырдың 10-ы күні өзінің ар-намысын қорғау үшін деген уәжбен, Қазақстандағы оппозициялық бағыттағы санаулы басылымның бірі - “Жұма таймс/ ДАТа недели ” газетін сотқа берген болатын. Бұған осы газеттің биылғы ақпан айының 4-і күні жарық көрген санында басылған “Беспредел” деп аталатын мақала себеп болған.
Онда Қазақстанда қызметі сот шешімімен тоқтатылған “Қазақстанның демократиялық таңдауы” халықтық партиясының өкілі Владимир Козловтың азамат Борис Годуновты “елге белгілі арандатушы” деп айтқан сөзі берілген еді. Годуновтың ойынша, газет шындыққа жанаспайтын жайларды жазып, оның ар-намысына нұқсан келтірген, сонымен қатар шағымданушының келісімінсіз, оның фамилиясын мақалада жариялаған.
Наурыздың 3-і күні, Борис Годуновтың сотқа дейінгі шағымынан кейін, газет “Годунов в своем амплуа” деген атпен оның таққан кінәларын терістейтін мақала жариялайды. Осы екі мақала газет редакциясының пікірінше, Борис Годуновтың сотқа шағымдануына себеп болған.
Шағымданушы өзінің ар-намысының аяқасты болғанын айтып, соттан “Жұма таймс/ДАТа недели” газетінен 100 миллион теңге өндіріп беруді сұрап отыр. Қазақстандық саясаткер Әміржан Қосанов Борис Годуновтың бұл әрекеті қазіргі биліктің нұсқауымен жасалып отыр деп санайды.
- Билік өкілдері Борис Годунов секілді көпшілікке фантастикалық көлемде ақша талап етіп, көзге түсіп жүрген азаматты осындай процеске салып отыр. Егер де осы режимнің жанашыры Годунов болса, онда оның құны да белгілі болып қалды, - дейді Әміржан Қосанов.
Қазақстан Журналистері Одағының төрағасы Сейітқазы Матаев “Жұма таймс/ДАТа недели” газетіне байланысты сот процесі туралы пікірін Азаттық радиосына былай жеткізді:
- Борис Годуновты мен сыртынан білемін. Ол бұған дейін де талай газетті сотқа сүйреген адам. Менің ойымша, оның артында біреулер тұр.
Дегенмен, “Жұма таймс/ДАТа недели” газетіне қарсы бұл сот ісіне қосымша тағы басқа іс басталуы мүмкін. Басылым редакторы Бақытгүл Мәкімбай, мамырдың 26-сы күні редакцияға Алматы қаласының бұрынғы әкімі, қазір Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінде отырған Виктор Храпуновтың әйелі Лейла Храпунованың адвокаты келіп, ескертпе хат тапсырып кеткенін айтты.
- Газетімізде Лейла Храпунованың меншігі туралы қазақ тілінде мақала басылып еді - сақтандыру қорына, жекеменшік көліктеріне байланысты. Соған Л.Храпунованың адвокаты келіп бізге хат тапсырды, онда хат авторы өзіне жала жабылды деп санайтынын, сондықтан, бұл өтініш-хатты сотқа беру алдындағы редакцияға ескерту деп санаңыздар депті. Адвокаттың қағазына қарасақ, мақаланы кім жазған, мәліметтті қайдан алған - соны ШҚО әкімі Виктор Храпуновқа хабарлаңдар деген бұйрық мағынадағы сөйлем жазылыпты. Заң бойынша біз ақпарат көзін жарияламауға хақымыз бар. Тіпті, оны сот үстінде де айтуға да, айтпауымызға да болады, - деді Б.Мәкімбай.
Аталған жайтқа байланысты, мамырдың 27-күні Виктор Храпуновтың пікірін білмек болып, бірнеше рет хабарласқанымызбен, бұл күні Шығыс Қазақстан облысының әкімін орнынан таба алмадық. Хатшы қыз Храпунов мырзаның шаруалармен жүргенін жеткізді. Ал оның әйелі Лейла Бекетова-Храпунованың адвокаты Галина Нишняидзе бұл мәселе жөнінде Азаттық радиосына телефон арқылы берген жауабында өз клиентінің газетті сотқа бермекші ниеті барын растады.
- Қазір “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” заңға байланысты, сотқа дейінгі дайындық жүріп жатыр . Одан әрі не боларын көре жатармыз. Ал шағымның мазмұны туралы журналист ағайындарыңыздан сұрап біліп алыңыздар. Бір ғана айтарым, анықталмаған мәлімет баспасөз бетінде жарияланбауы керек, - деді адвокат Г.Нишняидзе.
Сөз бостандығын және журналистердің құқығын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдар Қазақстанда соңғы кездері журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарын сотқа сүйреудің жиілеп кеткенін айтып отыр. Халықаралық “Әділ сөз” сөз бостандығын қорғау ұйымының өкілі Ғалия Әженованың айтуынша, соңғы 1 айдың өзінде Қазақстанда журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарын сотқа беруге қатысты 98 факті тіркелген екен.
- Оның 28-і БАҚ-тың ұстанған саяси бағытына қатысты, 50-і БАҚ-тың тікелей құқығын бұзу, ал қалған 20-сы - БАҚ-тар мен журналистерге тағылған түрлі айыптаулармен байланысты, - дейді қор өкілі Ғ.Әженова.
“Жұма таймс/ДАТа недели” газетіне қатысты алғашқы сот мәжілісі, маусым айының 13-іне белгіленіп отыр.