АҚШ жақын болашақта лаңкестік топтар Өзбекстандағы американдық мекемелерге шабуыл жасауы мүмкін деген ақпарат алған

Сондықтан АҚШ мемлекеттік департаменті өз азаматтарын қажетсіз жағдайда Әндіжан уалаятына бармауға шақырып отыр. АҚШ әсірешіл топтарға Өзбекстан Ислам қозғалысы, әл-Қайда, Исламшыл Джихад тобы және Шығыс Түркістан Ислам қозғалысы қолдау көрсетеді деп есептейді.