Бүгін Франция азаматтары Европа одағының жаңа Конституциясы бойынша референдумда дауыс береді

Европа одағының Конституциясы өз күшіне ену үшін оны Одақтың 25 елі түгел мақұлдауы қажет. Референдум алдында жүргізілген сауалнамалар француздардың көпшілігі жаңа Конституцияны қолдамайтынын көрсеткен болатын. Конституцияға қарсылық білдірушілер құжатта әлеуметтік мәселелерден гөрі, нарықтық экономика мәселелері басым көрініс тапқан дейді.

Президент Жак Ширак бастаған жаңа Конституцияны қолдаушылар мұндай құжат Европаның әлемдік мәселелерге араласу хұқын кеңейтеді, Одаққа қабылдау шешімдерін жеңілдете түседі деген уәждерді алға тартады. Бұған дейін Конституцияны Одақтың 9 мемлекеті жақтап дауыс берген болатын.