Мәскеудегі өрт пен электр жүйесінің апатын чешен сепаратистері ұйымдастырды ма?

ГРОЗНЫЙ. Чешен көтерілісшілерінің көсемі Шәміл Басаев кеше өзі бастаған топ өкілдерінің Мәскеуде 2 террористік шабуылды ұйымдастырғанын мәлімдеді. Чешен көтерілісшілерінің Интернет желісіндегі kavkazcenter.com парақшасында өткен бейсенбі күні Станиславский және Немирович-Данченко атындағы музыкалық театрында шыққан өртті Ш.Басаевтың тобы өз мойнына алды. Ш.Басаев, сонымен бірге, өткен сәрсенбі күні Мәскеуде 2 млн-ға жуық халықты электр жарығынсыз қалдырып, Ресей астанасының жолаушы көлігі мен қаржы институттарына орасан зор нұқсан келтірген апатты да өз жауапкершілігіне алды. Мәскеу үкіметі бұл апаттарды лаңкестер ұйымдастырды деп ойламайды. Бірақ, Ш.Басаев осындай шабуылдарды жалғастыратынын мәлімдеп отыр.