Украина президенті Виктор Ющенконың Қазақстанға екі күндік ресми сапарын парламент депутаттары және саясаткерлер екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынасты жандандыру мақсатынан туындап отыр деп санайды.
Қазақстан парламенті депутаттары мен саясаткерлері Украина президенті Виктор Ющенконың Қазақстанға ресми сапарындағы басты мүдде – экономикалық қарым-қатынасты дамытуда деседі.
- Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері арасында Украина халық саны жағынан екінші орында тұрған мемлекет. Онда 50 миллионға жуық адам тұрады және Еуропаға көршілес мемлекет болғандықтан Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынас күшеюі керек, - деп санайды Ұлттық зерттеулер институтының директоры, саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов.
Саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының пікірінше, Украина мемлекеті алдында ең негізгі мақсат - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерімен экономикалық қарым-қатынасты жақсарту мәселесі тұр. Сенат депутаты Зәуреш Батталова Украина президенті Қазақстанға экономикалық жағдайды нығайту үшін келіп отыр деп санайды.
«Әділетті Қазақстан» қозғалысының төрағасы Жармахан Тұяқбай да Украина басшысының Қазақстанға ресми сапарын экономикалық қарым-қатынасты жандандыру мақсатынан туып отыр деген пікірде.
- Украинада көмірсутегі шикізаттары, мұнай мен газ жеткіліксіз, - дейді Ж.Тұяқбай.
Саясаткер Серікболсын Әбділдин Украина мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықта бастысы - адамгершілік саласындағы қарым-қатынас деп біледі. Парламент Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Серік Әбдрахманов алаң арқылы билікке келген Украина президенті халыққа берген уәдесін орындайтын кезі келді деген пікірді айтады.
Ал, Парламент Сенатының депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Тасбай Симамбаев, Украина президентінің Қазақстанға келу себебі, Украинада энергетикалық дағдарыстың туындауынан және басқа да мәселелерден деген ой білдірді.