Украина мен Қазақстан президенттері Астанада екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талдайды

АСТАНА. Бүгін Украина президенті Виктор Ющенко 2 күндік ресми сапармен Астанаға келді. Сапар барысында ол қазақ лидері Н.Назарбаевпен келіссөз өткізеді. Астана әуе жайында В.Ющенко мұнай мен газ және басқа да салалардағы екі жақты ынтымақтастықты кеңейту – осы сапарының ең басты мақсаты деп атап көрсетті. Украина президентінің мәлімдеуінше, Киев пен Астана, сонымен қатар, ғарыш кеңістігін игеру, қарулы күштер және ауылшарушылық саласындағы ынтымақтастығын дамытуға тиіс.