Қазақстан кәсіподақтарының ХХ съезінде үкімет басшысы Даниал Ахметов былтыр Қазақстанда 350-ден аса жұмысшы қаза тапқаны туралы мәлімдеді. Форумға қатысушылар ірі тау-кен кәсіпорындары мен мұнай-газ кәсіпшіліктеріне иелік етіп отырған шетел алпауыттарының еңбек қауіпсіздігін сақтауына Қазақстан үкіметінің де, кәсіподақтың да әлі келмей отырғандығын айтады.
Мамырдың 31-інде Астанадағы Конгресс-Холлда өткізілген Қазақстан Кәсіподақтарының 20-шы съезінің ашылуында сөз сөйлеген Премьер министр Даниал Ахметов:
- Өткен жылы республикада 350-ден аса жұмысшы қаза болды. Өндірістегі әрбір өлім жағдайы мұқият түрде түбегейлі қарастырылуы тиіс, - деп мәлімдеді.
Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы Сиязбек Мұқашев соңы өлімге апарып соқтыратын өндірістегі апатты жағдайлардың құрылыс компаниялары мен тау-кен кәсіпорындарында жиі орын алатындығын, жұмысшылардың құқын кәсіподақ жетекшілері ұйым құрылған мекемелерде ғана қорғай алатындығын айтады.
Атырау мұнай-газ жұмысшылары кәсіподағының төрағасы Тілекқабыл Қабдулов соңғы айлардың өзінде бірнеше рет шетел компанияларының жұмысшыларымен жергілікті тұрғындардың арасында болған шиеленісті оқиғалар кезінде кәсіподақ мүшесі болмағандықтан қазақстандық мұнайшылардың құқын қорғай алмағандарын мәлімдеді.
- Ал, мемлекеттің еңбек инспекторларын шетелдік компания басшылары тыңдамайды, - дейді Тілекқабыл Қабдулов.
Жамбыл облысындағы «Қазфосфат» кәсіпорнының салалық кәсіподағының төрағасы Шахтыбай Байжановтың айтуынша, осы кәсіпорында 8500 адам жұмыс істейді. Кәсіпорындағы жасы 63-ке жақындаған егде жұмысшылардың өзі уақытында зейнетке шыға алмағандықтан шахтаға түсу секілді ауыр жұмыстарды атқарып жатқандығын айтады.
Үкіметтің жасаған «Еңбек туралы» заң жобасына баламалы негізде заң жобасын жасаған Шәймерден Оразалинов болса, жұмысшылардың құқы мен жалақысының сақталуын 1999 жылы күшін жойған еңбекке ақыны кәсіби біліктілігі бойынша төлеу жөніндегі анықтамалықты енгізу арқылы шешуге болады деп отыр.
Қазақстанның Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Батыржан Әшитов өткен жылы «Еңбек қауіпсіздігін сақтау туралы» заң қабылданып, соған сәйкес Үкімет 2005-2007-ші жылдарға арналған бағдарлама түзгенін бұл саладағы жетістіктің бірі дейді.
- Министрлік еңбек қауіпсіздігін сақтаудың халықаралық талаптарына көше бастады. Онда өндірістегі мертігу мен өлім жағдайының алдын алудың шаралары қарастырылып отыр, - дейді Б.Әшитов.
Қарағанды облыстық кәсіподақтар комитетінің төрайымы Александра Мадиярова болса, бір күнде 23 кенішінің опат болуына алып келген Шахтинск кенішінің жабылуына байланысты ондағы кеншілердің Ресейге қоныс аударып жатқандығын айтады.
- Қарағандыға маусымның 17-сінде Президент Назарбаев келеді. Сол мерзімде Қарағандыда 56 мемлекеттің кәсіпкерлерінің форумы өткізілмекші. Сонда «Миттал Стил» компаниясының президенті Лакшми Миттал да келеді деп күтілуде. Ол Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан басқа ешкімді де тыңдамайды. Өйткені, «Миттал Стилмен» Қазақстан Президенті ұзақ жылдарға арналған келісім жасасқан көрінеді, - дейді Александра Мадиярова.
Құрамында екі милионнан астам мүшесі бар Қазақстанның Кәсіподақтары Федерациясының съезіне қатысушылар «Қазақстанда жұмыс істейтін шетел кәсіпорындарындағы жалдамалы қызметкерлердің еңбек құқығын бұзу тоқтатылсын» деген мәлімдеме қабылдады.
Онда «Съезд делегаттары Қазақстан Республикасының президентіне – азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркіндіктерінің кепіліне қазақстандық жұмысшыларды еліміздің заңдарын елемейтін шетелдік жұмыс берушілердің озбырлығынан қорғау өтінішімен жүгінеді» делінген.