Мамырдың 31-күні Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Жаңалық ауылында өткен ғасырда совет өкіметінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жиыны өтті. Оған құрбан болғандардың ұрпақтары, саяси-қоғамдық ұйымдардың өкілдері және Алматы қаласы мен Талғар ауданы әкімшілігінің қызметкерлері қатысты.
Сол бір сұрапыл, зұлмат жылдары НКВД-ның қанды қолынан құрбан болған жазықсыз адамдар Алматы қаласынан 40 шақырымдай жердегі осы Жаңалық ауылының іргесіне апарылып көміліпті. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін сол жерге саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап үлкен ескерткіш орнатылып, жыл сайын бұл жерде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, құран бағыштап, рухтарына тағзым етіліп келеді.
Белгілі демограф ғалым Мақаш Тәтімовтың айтуынша 1937-1938 жылдары Алматы қаласында және Алматы маңындағы абақтыларда өлтірілген екі мыңдай адамның мәйіті осы Жаңалық ауылының іргесіне жерленген. Олардың арасында Сәкен Сейфуллин, Ораз Жандосов, Бейімбет Майлин, Санжар Асфандияров сынды қазақ халқының бетке ұстар азаматтары бар.
Саяси құрбандарды еске алу жиынына қатысқан Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғыны Зәуре Халиева әкесі Мұқамедия Сүлейменовтың осы Жаңалық ауылы іргесінде жерленгенін тек 2003 жылы ғана кездейсоқ біліпті. Өйткені, оның әжесі мен шешесі екеуі де ол кісі Сібірде өлді деп санап келген екен.
- Содан бері жыл сайын осы жерге келіп, әкемнің аруағына тағзым етіп, құран оқытамын, - дейді ол.
Ал қазір жасы 74-ке келген Рузима Мырғалықызы өз әкесін НКВД жендеттері алып кеткенде небәрі 8 жастағы бала екен.
- Әкем 21 жасында Мәскеу университетін геолог мамандығымен бітіріп, осы салада жұмыс істеп жүрген жерінен оны НКВД ешбір жазықсыз ұстап, атып тастады. Қазір оның мәйіті қайда қалғанын білмеймін, - дейді кейуана.
Ал қазақ халқының басына түскен осынау қиын-қыстау жылдары Ауғанстан ауып кеткен қазақтардың ұрпағы Зағипа Қылышқожа өз ата-бабаларының аруағы үшін дұға етуге келгенін, сол ата бабаларының көбінің сүйегі бөтен елдің жерінде көмусіз қалғанын көзіне жас толтыра отырып айтады.
Тарихшылар дерегіне жүгінер болсақ, 1929-1953 жылдар арасында Совет одағында 4 миллоннан астам адам саяси қуғын-сүргін құрбаны болған екен. Ал, Қазақстанға келер болсақ, осы жылдары саяси көзқарастары үшін жүз мыңнан астам адам жазықсыз сотталып, бұлардың 30 мыңнан астамы атылып кеткен.
Тек 1931-1933 жылдары қолдан ұйымдастырылған ашаршылық нәубеті кезінде 3 миллоннан астам қазақ құрбан болды. Бұл сол кездегі қазақ халқының 42 проценті еді. Қазақ халқының басына төнген осы зорлық-зомбылықтарға төзе алмаған бір миллоннан астам қазақ шетелдерге кетуге мәжбүр болды.