БІШКЕК. Бүгін Қырғызстанның қауіпсіздік күштері наразылық білдірушілер көкек айынан бері басып алған Жоғарғы сот ғимаратын босатты. Наразылық танытушылар Жоғарғы сот төрағасы Құрманбек Османовтың қызметінен кетуін талап еткен-ді. Олардың бұл талабы қабылданған жоқ. Қазіргі кезде Ұлттық күзет қызметкерлері ғимаратты қоршап тұр.