БРЮССЕЛЬ. Германия канцлері Герхард Шредер Еуроодақтың жаңа конституциясына қарсы дауыс берген Франция мен Голландиядағы сәтсіз референдумды драмаға айналдырмауға шақырды. Бұл пікірін Г.Шредер Брюссельде Еуроодаққа төрағалық ететін Люксембургтің премьер-министрі Жан-Клод Юнкермен кездесуінен кейін білдірді. Еуроодақтың болашағы одақ лидерлерінің 16-17 маусымда өтетін арнайы бас қосуында талқыланбақшы. Жаңа конституция күшіне енуі үшін оны Еуроодақтың барлық 25 мүшесі мақұлдауға тиіс. Әзірше оны Еуроодақтың 9 елі мақұлдады. Ресми Вашингтон конституция маңайындағы осы сәтсіздікке қарамастан Еуроодақ АҚШ-тың халықаралық серіктесі болып қала береді деген үмітін білдірді.