Шешенстанның ресейшіл президенті Өзбекстанның шығысында өткен айда болған қанды оқиғаларға шешендердің қатысы жоқ деп мәлімдеді

Алу Алханов мұны кешегі күні Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Әндіжандағы көтерілісте Өзбекстанның Ислам қозғалысы, Талибан қалдықтарымен бірге шешен жауынгерлері де өзіндік роль атқарды деп ескерткеніне жауап ретінде айтқан.

Алханов «Әндіжандағы оқиғаларды экстремистер деп аталатындар жасады, ал олардың шешен халқымен ешқандай байланыс, бірлігі жоқ» деп атап көрсеткен.