Олар бұл 2001 жылдан бері Сирия өткізген алғашқы зымыран сынағы дейді. Хабарларға қарағанда зымыранның бірінің қалдықтары Түркия жеріне түскен. Жараланған ешкім жоқ. «Нью-Йорк таймс» газеті Түркияның АҚШ-ғы елшісі Осам Фарук Логогұлының "бұл жайтты Сирия әскери жаттығулар барысындағы техникалық қатеге жатқызды" деген сөздерін келтірген. Израилдың әскери ресмилері өз мемлекетінің Дамаск зымырандарды химиялық заттарға бейімдеп жатыр деп алаңдайтындығын айтқан.