Ирақта өткен жалпы сайлаулардан төрт айдан соң өткізіліп отырған бұл сессия жұмысы Ирақтың шиит премьер-министрі Ибрахим әл-Жаафаридың қатысуынсыз басталған. Бірақ, елдің бірінші күрд президенті Жалал Талабани мен ұлттық парламент спикері Хажим әл-Хассани қатысушылар қатарынан көрінген. Сондай-ақ, жақында Күрд аймағының президенті болып бекітілген, бірақ әлі ант қабылдап үлгермеген Масуд Барзани да сессия жұмысына қатысқан.