Сенбі күні өзбек полициясы тәуелесіз журналист Толқын Қораевты оңтүстіктегі Қаршы қаласында тұтқынға алды

Толқын Қораев Лондондағы Соғыс және Бейбітшілік институты үшін хабарлар беріп келеді. Әндіжандағы толқулардан кейін Өзбекстан әкімшілігі ондаған оппозиция белсенділерін, адам құқықтарын қорғаушыларды тұтқындған болатын.

Ресми әкімшілік Әндіжанда көптеген полициямен бірге барлығы 173 адам қаза тапты десе, адам құқықтары ұйымдары атып өлтірілген азаматтардың саны кемінде 1000 кісі дейді.