Екі ел басшысы сенбі күні Берлинде кездесіп, референдум кезінде француздар мен голландтардың ЕуроОдақ Конституциясына не үшін қарсы дауыс бергендіктерін талқылап, арнайы жауап беруге дайындалды. Маусымның 16- 17-сі күндері Брюссельде ЕуроОдақ саммиті өтеді. Еуропа одағы Конституциясын ратификациялауға Германия және 9 ел қолдап дауыс берді.