Швейцария – Еуроодақтың “Шенген аймағына” қосылды

БРЮССЕЛЬ. Еуроодақ лидерлері Швейцария азаматтарының “Шенген келісіміне” қосылу мәселесін қолдап дауыс бергенін қуанышпен қабылдады. Жексенбі күні болып өткен референдумда Швейцария сайлаушыларының 55 пайызға жуығы Шенген келісімін қолдап дауыс берді. Еуроодақ басшылығының мүшесі Бенита Ферреро-Вальднер Швейцария халқының бұл шешімі Еуропа халқының жүріс-тұрысын әлдеқайда жеңілдетеді деп атап көрсетті. Осыған дейін “Шенген аймағына” Еуроодаққа мүше 25 елдің 13-і кіретін. Жексенбі күні Швейцарияда өткен екінші референдумда сайлаушылардың 58 пайызы бір жынысты некені қолдап дауыс берді.