Ирақта аты-шулы лаңкестің жақын үзеңгілесі ұсталып, жерасты бункер аңғарылды

БАҒДАД. Ирақта “Әл-Қаида” ұйымының осы елдегі лидері Әбу Мұсаб Әз-Зарқауидің ең жақын үзеңгілестерінің бірі қолға түсті. Ирақ үкіметінің хабарлауынша, Әбу Әр-Раид 28 мамыр күні елдің солтүстігіндегі Мосул қаласында тұтқындалған. Жексенбі күні АҚШ әскері Әл-Фаллуджа қаласында кең әрі техниканың ең соңғы жетістігімен жабдықталған жерасты бункерін тапқан. Халықаралық күштердің басшылығы хабарлағандай, бункерде тірі жан болмаған, бірақ қару-жарақтың мол қоры табылған.