ВАТИКАН. Рим Папасы 16-ншы Бенедикт гомосексуалдық неке қию – жанұя атаулының болашағына қатер төндіретін “анархияның” көрінісі деп бағалап, ащы сынға алып сөз сөйледі. Сонымен қатар өз сөзінде понтифик ажырасу мен бала табуды қадағалау мәселесіне де қарсы шықты. Гомосексуалдық некеге рұқсат беруге бола ма деген сауал – осы күні дәстүрлі католик дінін ұстанатын Испанияда қызу талқылану үстінде. Испанияда мұндай некеге таяу болашақта рұқсат берілетін тәрізді.