Қазақстан президенті Н.Назарбаев АҚШ, Қытай, Ресей елдерімен қарым-қатынастардың маңыздылығын атап көрсетті

Қазақстан президенті Ресеймен байланыстарды дамыту басты бағыт болады десе, Қытайды "стратегиялық әріптес" және "ұлы держава" деп атады. Ал АҚШ-пен жаңа стратегиялық жолдастық ел үшін үлкен табыс болды дегенді айтты. Назарбаев сондай-ақ Европа Одағымен қарым-қатынастарды жақындата түсуге шақырды. Қазақстан президенті бұрынғы Совет Одағының 12 республикасынан тұратын ТМД атына сыни пікірін айтқан.