Алматының Медеу аудандық соты саясаткер Заманбек Нұрқаділовке 485500 теңге көлемінде ақшалай айыппұл салу туралы шешім шығарды. Сот оны Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "ар-ожданы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретіндей сөз айтқаны үшін айыпты" деп тапты.
Сәрсенбі күні Алматы қалалық Медеу аудандық сотының төрағасы судья Ерхан Тотыбайтегі азамат Заманбек Нұрқаділовке қатысты сот қортындысында, «Қазақстан» газетінде өткен жылғы шілденің 22-сі күні жарияланған «Мен Асхаттың алдында қарыздармын» деген мақаланы Нұрқаділовтің өзі жазбағаны, газет тілшісіне ондай мағынада сұхбат бермегені расталғанын айтты. Алайда, судья газет мақаласының жарыққа шығуына негіз болған 2004 жылы шілденің 19-ы күні Алматыдағы ұлттық баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында "Заманбек Нұрқаділов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ар-ожданы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретіндей сөз айтқаны дәлелденді" деп тапқан сот азамат Заманбек Нұрқаділовты айыпты деп тауып, оған 500 орташа айлық көрсеткіш шамасында, яғни 485500 теңге көлемінде ақшалай айыппұл төлету туралы шешімді жария етті.
- Айыпталушы жақ осы сот үкімімен келіспесе, 10 күн ішінде Алматы қалалық сотынан бастап Жоғарғы сотқа дейін шағымдануға құқылы, - деді сот үкімін таныстырған судья Ерхан Тотыбайтегі.
Сот үкіміне байланысты журналистердің қойған сұрағына мемлекеттік айыптаушы, Медеу ауданының прокуроры Ержан Қожабеков әзірге ешнәрсе демейтіндігін айтты. Ал айыпкер Нұрқаділовтың қорғаушысы, адвокат Мұстақым Төлеев соттың бұндай үкімімен өзінің келіспейтіндігін, алдағы уақытта соттың жоғарғы орындарына шағымдану ниетте екендігін білдірді.
- Судья билік пен әділеттілік деген екі қысымның ортасында қалды. Сондықтан да осындай заңсыз шешім шығаруға барып отыр. Әйтпеген күнде ол Нұрқаділовке тағылған жала айыптың бәрін алып тастап, оны ақтап беруі тиісті болатын, бірақ оған бара алмады, шамасы сол болды, - дейді адвокат Төлеев.
Ал сот үкімі жөнінде айыпкер Заманбек Нұрқаділов бұндай үкіммен өзінің келіспейтіндігін айтып отыр.
- Себебі, мен президенттің ар-ожданы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретіндей сөз айтқам жоқ, егер айтпасам неге мен кінәлі болуым керек? Бұл - заңсыздық, сондықтан ары қарай бұл үкімді бұзу жөнінде шағымданамыз, - дейді Заманбек Нұрқаділов.
Бірқатар сарапшылар бұл сот ісінің саяси астары барлығын айтады.
- Билік алдағы президент сайлауы алдында Заманбек Нұрқаділовтың аяғына осы сот шешімі арқылы тұсау салып қоюды көздеп отыр, әйтпесе оны түрмеге отырғызуды мақсат етпеген, - дейді саясаткер Болат Әбілов.