НАТО Ауғанстанға қосымша әскер жібермекші

БРЮССЕЛЬ. Бүгін НАТО одағының қорғаныс министрлері Брюссельде кездесіп, Ауғанстанда НАТО күштерін көбейту мәселелерін талқылады. Ауғанстанның парламент сайлауы қыркүйек айында өтеді деп жоспарланған. Парламент сайлауының алдында қауіпсіздікті күшейту үшін НАТО Ауғанстанға қосымша 3 мың әскерін жіберуді жоспарлап отыр. НАТО-ның бас хатшысы Яаап де Хоп Схеффер Ауғанстандағы жағдай жақсарып келеді, бірақ соңғы кезде орын алған оқиға елде әлі де проблемалар бар екенін көрсетті деді.

- Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату мәселелері бойынша, айтарлықтай алға жылжу болды. Бірақ соңғы кезде орын алған зұлымдық елдегі қауіпсіздікті сақтауға бағытталған әрекеттерді одан әрі жалғастыру керек екенін көрсетті, - деді НАТО-ның бас хатшысы.