Бүгін Еуроодақтың жоғары деңгейдегі делегациясы Бағдадқа келді

БАҒДАД. Аталған делегацияның құрамында Британия сыртқы істер министрі Джэк Стро, Еуроодақтың келесі басшысы Бенита Ферреро-Уалднер және одақтың сыртқы саясат мәселелері бойынша өкілі Хавиер Солана да бар. Еуроодақ ресмилері Ирақ президенті Жалал Талабанимен кездесті. Еуроодақ маусымның 22-сі күні Брюссельдегі отырысында Ирақты қайта құруға арналған мәселелерді талқыламақ.