АҚШ үкіметі Халықаралық атом энергиясы агенттігінің басшысы Мохаммед әл-Барадейдің осы қызметке үшінші мерзімге сайлануына қолдау көрсетпекші

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Шон Маккормак мұндай ұйғарым әл-Барадей мен Кондолиза Райстың кездесуінен кейін жасалды дей келіп, Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі АҚШ пен Атом энергиясы агенттігінің жалпы алаңдаушылықтарын ортаға салды.

- Біз ұзақ уақыт бойына Иранның ядролық әрекеттері турасында күмәнданып келдік. Сол себепті де бұл ең басты назар аударатын және талқылайтын мәселе. Біздің де, Атом агенттігінің де ең бірінші көздегені - қауіпсіздік деп ойлаймын, - деді ол.

Буш әкімшілігінің кейбір өкілдері әл-Барадейдің кандидатурасына қарсы шығып, оны Иранның ядролық бағдарламасына қысым көрсетуде әлсіздік танытты деген сын айтты. Иран болса өзінің ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатқа арналған дейді.