Нашақорлық пен ВИЧ/СПИД дертімен күрес жұмыстарын насихаттау үшін Орталық Азия мемлекеттерінің бұқаралық ақпарат құралдарына арнайы бағдарлама және қаржы керек болып отыр. Бұл туралы Орталық Азия мемлекеттерінің журналистері маусымның 9-ы күні Алматыда өткен басқосуда арнайы мәлімдемеде жасады.
Орталық Азия мемлекеттеріндегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің айтуынша, қазіргі кезде нашақорлық және ВИЧ/СПИД дертімен күресу туралы толыққанды ақпарат тарату үшін қаржы тапшылығы сезіліп отыр. Тәжікстанның мемлекеттік “Седои Душамбе” радиосының бас редакторы Сафарали Кұрбанәлидің айтуынша, мәселенің барлығы осыған келіп тіреледі.
- Біздің радиода нашақорлық мәселесі, ВИЧ/СПИД дерті туралы хабарлар айына 6-7 рет шығып тұрады, оның тыңдармандары да бар, бірақ бұл насихатты көбейту үшін қаржы керек. Бұл мәселе ретін тапса, біз ерінбей еңбектенуге дайынбыз, себебі, нашақорлық және ВИЧ/СПИД дертімен күрес - қоғамдағы өзекті мәселелерді бірі, - дейді “Седои Душамбе” радиосының бас редакторы Сафарали Кұрбанәли.
Ал мамандар болса, ВИЧ/СПИД және нашақорлық дертімен жүргізіп жатқан күресті насихаттау үшін, журналистердің де бұл саладағы сауатын аша түсу керек деген пікір білдіреді. Мәселен, өзбекстандық маман Саид Бурхановтың айтуынша, бұл салада жұмыс істейтін журналисттер тақырыпты қалай ашуды, мәселені қалай насихаттауды жақсы білуі керек:
- Ең алдымен журналистер нашақорлық немесе ВИЧ/СПИД-ке шалдыққандарға ерекше бір көзқараспен қарамай, оларға қатардағы қоғам өкілі ретінде қарауы тиіс.
Өзбекстандық журналистің бұл ойын қазақстандық дәрігер, Қазақстандағы Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығының директоры Қазбек Төлебаев қолдап отыр:
- ВИЧ/СПИД, нашақор десе болды, біз ол азаматтардың маңдайына таңба қойғандай қараймыз. Олай жасауға болмайды, қоғам өкілдері ВИЧ/СПИД немесе нашақорлық дертіне шалдыққандарға олай қарай беретін болса, бұл азаматтар өз ауруын жасырып, басқаларға жұқтыра береді, яғни мұның салдарынан қоғам пайда көрмейді.
Мамандардың айтуынша, егер Орталық Азия мемлекеттері бірлесіп, осы мәселемен күресуді қолға алса, онда ғаламдық қор мен Дүниежүзілік банк 18 миллион доллар көлемінде қаржы бөлуге дайын. Қырғызстанның ұлттық телеарна жетекшісі Мырзақұл Мәмбетәлиевтің айтуынша, бұдан бұрын Орталық Азия мемлекеттерінің бұқаралық ақпарат құралдары бірігіп, мәселені шешуге әрекеттенгенімен, одан нәтиже шықпапты.
- Кездесулер тек теория жүзінде өткен. Көп жағдайларда бұл кездесулер тек декларативтік түрде өтеді. Ал мұндай кездесулердің нәтижесі болуы керек. Осы мақсатта Орта Азия мемлекеттері қандай шараларды іске асырып жатқанын біз хабардар болуымыз керек, өз кезегінде Орта Азияның өзге елдері Қырғызстанда болған жағдайлар жөнінде біліп отыруы тиіс. Себебі, нашақорлық, ВИЧ/СПИД деген шекарасы жоқ мәселелер ғой, - дейді М.Мәмбетәлиев.
Ресми деректерге жүгінсек, бүгінгі таңда Қазақстанда бар нашақорлардың саны 300 мыңдай адамға жетеді, ал іс жүзінде бұл көрсеткіш әлдеқайда көп болуы мүмкін дейді мамандар.