Ирақ күрдтерінің аймақтық парламентінің төрағасы сайланды

АРБИЛЬ. Бүгін Массуд Барзани Ирақтағы күрдтердің аймақтық парламентінің төрағасы болып сайланды. Барзани – Ирақ күрдтерінің Демократиялық партиясының лидері болып табылады. Оның ежелден келе жатқан саяси бақталасы болып табылатын Күрдістанның отаншылдар одағы партиясының көсемі Жалал Талабани – осы жылы Ирақ президенті болып сайланған болатын.