ВЕНА. Бүгін атом энергиясы бойынша Халықаралық агенттік – МАГАТЭ-нің бір апта бойы жалғасатын басқарма Кеңесінің отырысы ашылып, оның барысында агенттіктің қазіргі Бас директоры Мухаммад әл-Барадейді басшылыққа үшінші рет қатарынан қайта сайлауға тиіс. Өткен аптада ресми Вашингтон Мысыр азаматы болып табылатын әл-Барадидің келесі мерзімге сайлануына қарсы еместігін мәлімдеді. Басқарма Кеңесінің Венадағы отырысында әл-Барадей Иранның МАГАТЭ-мен ынтымақтастығы туралы жаңа баяндама жасап, Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы мен Сауд Арабиясының МАГАТЭ-ге жолдаған сауалы талдануға тиіс.