Сейсенбі күні Қазақстанда жарық көрген бірқатар басылымдарда алдағы Қазақстанда өтетін президенттік сайлаудың уақытына қатысты мақалалар жарияланыпты.
«Айқын» басылымы өзінің сейсенбілік санында газет тілшісі Берік Бейсенұлының «Президент сайлауы қашан өтеді?» деген мақаласын жариялапты. Кезекті президенттік сайлаудың уақытына байланысты әңгіме кейінгі кезде бұқаралық ақпарат құралдарындағы негізгі пікірталас көзіне айналып отырғанын еске салған газет тілшісі жуырда Қазақстан парламентінің депутаты Валерий Котовичтің осы мәселеге байланысты әділет министрі Зағипа Балиева мен Орталық Сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабековке депутаттық сауал жолдағанын жазады.
Өткен жылдың күзінде Зағипа Балиева Орталық сайлау комиссиясының төрайымы болып тұрған кезінде президенттік кезекті сайлау 2006 жылдың желтоқсан айында өтеді деп бір жақты мәлімдеме жасаған еді алайда кейбір заң мамандары мен сарапшылар Балиеваның бұл пікірін жоққа шығарып, президенттің кезекті сайлау биылғы жылдың желтоқсан айының бірінші жексенбісінде өтуі керек дегенді мәлімдей бастады деп жазады газет тілшісі.
Сондықтан парламент депутаты бұл парламент айналысатын басты мәселе болғандықтан ел үшін өмірлік маңызы бар шешім қабылдар кезде қандай бір қателікке жол берілмеуі керек дегенді айтып отыр деп жазады «Айқын» басылымы. Осы басылымының бетінде жарық көрген белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин газетке берген сұқбатында Қазақстандағы президенттік күреске көп тұлғалар түсетіні сөзсіз. Бірақ кім түссе де қазіргі президент Н.Назарбаевтың деңгейіне жетіп, оған лайықты қарсылас бола алмайды деген пікір білдірген.
Ал осы сайлау тақырыбына көңіл аударған «Жас Алаш» басылымы «Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек» деген газет тілшісі Мұқтар Жанұзақұлының мақаласын жариялапты. «Сайлау деген науқанның да төбесі жақындап қалды, ал үкіметтік «Хабар» секілді ақпарат құралдары халық санасына сайлау қалайда биыл өтуі керек деген ұғымды сіңіре бастады деп жазады газет тілшісі.
Мәжіліс депутаты Владимир Котовичтің «түстен кейін маңырауы» тегін емес шындығында президент сайлауы өтетін нақты мерзімді яғни сайлаудың биылғы желтоқсанның бірінші жексенбі екендігін демократиялық күштер әу бастан ақ айтып берген деп жазады газет тілшісі. Рокировка бойынша орындарын ауыстырған екі заңгер Зағипа Балиева мен Оңалсын Жұмабеков екеуі де сайлау келесі жылы өтеді деп ұйғарып қойған еді сөйтсек бұл қоғамдық пікірді тексеріп көру әрекеті болған сияқты дейді «Жас Алаш» газеті.
Ал «Егемен Қазақстан» өзінің сейсенбілік санында газет тілшісі Айқын Несіпбайдың «Даму нүктесін табуға талпыныс яғни металлургиялық кластерге арқа сүйелмек, бірақ қалайша» атты мақаласы жарияланыпты. Мақалада өнеркәсібі өркенді Қарағанды мен Жезқазған аймағының бетке ұстар металлургия өндірістері саналатын «Миттал Стил Теміртау» мен «Қазақмыс корпорациясы» туралы жазылыпты. Газет тілшісінің жазуынша «Миттал Стил Теміртау» әлемдік рынокке қара металдың 65 процентін шығарса, қазақстандық тұтынушыларды осы өнімімен қамтамасыз етіп келеді.
Алайда осы британ миллиардері Лакшми Миттал иелігіндегі өндіріс өз өнімдерінң әр тоннасын Қытайға 720 доллардан есептеп сатса ал Қазақстандық кәсіпорындарға 1037 доллардан есептейді, мұнымен қоймай төлемақының қолма қол толық төленуін талап етеді ал екінші алып «Қазақмыс корпорациясы» да өз отандастарын баға жағынан алқымынан алып жатқаны ұят іс дейді газет тілшісі. Оның жазуына қарағанда «Қазақмыс» қазақстандық тұтынушыларға мыс орамдарын Ресейде жасалған мыстан 10-15 процентке қымбатқа сатады екен.
Ал кластерлік жүйені сылтау етіп сонау Германиядан атам заманғы ескі бір зауытты сатып алып, мыс өнімдерін сонда өндіре бастаудың сыры түсініксіз деп жазады газет тілшісі.
Ал осы Қазақстандағы металлургиялық өндірістер басындағы осындай түсініксіз жағдайларға қатысты "Экспресс-К" газеті де өзінің сейсенбілік санында «Магниттік аномалия» деген атпен тілші Арман Жановтың мақаласын жариялапты. Газет тілшісі Қазақстандық «Соколов-Сарыбай кен байыту» өнідірісінің қиын жағдайда екендігін жазады. Осы кен байыту өндірісінің өнімін ұзақ жылдардан бері алып келе жатқан Магниторскінің металлургтері «Соколов-Сарыбай» кен байыту өнідірісін тек шикізат өндіруші түрінде қалуын тілеп отырса енді бұған қазақстан-үндістандық милиардер Лакшми Миттал да қосылды деп жазады газет тілішісі.
«Соколов Сарыбай» кен байыту өндірісінің басына туған осы бір қиын күндері оның өнімін алушы жалғыз қазақстандық тұтынушы «Миттал Стил Теміртау» да кен байту өндірісіне үлкен соққы берді деп жазады «Экспресс-К» газеті. Себебі «Миттал Стил Тетіртау» кен байыту өндірісінен өзінің алатын өнімінің көлемін азайтатындығын ескерте келе өнім бағасын 500 процентке азайтуды талап еткен.
Бұл осындай өнім шығаратын ресейлік немесе украйндық өндірістердің бағасыныан кемінде 3 есе аз деген сөз осындай жағдайдан болып бүгінгі күні Соколов Сарыбай кен байыту өндірісінің қоймаларында 1,4 миллион тонна дайын өнім сақталып отыр, ал өндіріс болса өнім шығаруды азайтуға мәжбүр болып отыр деп жазады «Экспресс-К» газеті.