Қазақстан білім және ғылым министрлігінің жанында жұмыс істейтін «Болашақ» халықаралық бағдарламасын үйлестіретін арнайы орталыққа бір күнде 400-ден астам өтініш түскен.
Қазақстандық жастарды шетелдердің алдыңғы қатарлы оқу орындарында оқыту мақсатында 55 мемлекетпен келісім шарт жасалуы мүмкін. Алайда, ата-аналардың кейбірі шетелдерде тек бай-бағыландардың балалары ғана оқи алады деген пікірде. «Болашақ» халықаралық бағдарламасын үйлестіретін арнайы орталықтың құжаттарды қабылдау жөніндегі бас менеджері Гүлнәр Маекенованың айтуынша, орталыққа бір күнде 400-ден астам талапкерден құжат тапсырылған.
- Біз шет мемлекеттермен келісім-шарттар жасасып жатырмыз. Ал үміткерлер сол елдегі оқу орнын өзі таңдайды. Үміткерлердің барлығына қойылатын талаптар бірдей, - дейді бас менеджер.
Қарағандылық Амандық Сағадиев болса, шетелде оқу тек бай-бағыландардың баласына бұйырады деген пікір айтады:
- Бастықтың аты - бастық. Есебін тауып баласын өткізеді. Қаншама әділ болғанымен, білім гранттары да тиесілі адамдарына жетпейді, - дейді ол.
Астаналық Ұлтуар Кәрімова да қаншама жоғары балл алса да қарапайым жандардың балаларына өтпейді, байлық пен мансап иелері кез-келген шенеунікті сатып алады, бұл үрдіс қазір мектептердің өзінде де қалыптасып отыр дегенді айтады. Астаналық Елтаева Мінәжат болса өз ұлы бұған дейінгі алдын-ала сынақтарда 114 балл алып жүргенін айтты.
- Балам дәрігерлікті қалап отыр. Шетелде оқысы келеді. Бірақ, ешқашан шетелде оқытпаймын. Көз алдымда аман жүрсін, - дейді Мінәжат.
Қазақстандағы «Ұрпақ тағдыры - білім» қоғамдық ұйымының төрағасы Ерсайын Ерғожа «Болашақ» бағдарламасы өзінің мақсатын толық дәрежеде атқарып отырған жоқ деген пікірде. Білім және ғылым министрлігінің халықаралық бағдарламасын үйлестіретін арнайы орталықтың құжаттарды қабылдау жөніндегі бас менеджері Гүлнәр Маекенова 1993 жылдан бері Қазақстанда 800-ден астам жас «Болашақ» бағдарламасы негізінде шетелдің оқу орындарын бітіріп келіп жұмыс істеп жатқанын айтады.
- Бірен-саран келісім-шарттарды орындамағандары, шетелде қалып қойғандары да кездесті, - дейді ол.
Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметкері Жанар Үсіпбекованың хабарлауынша, министр Бірғаным Әйтімова Еуропаның 17 мемлекетіндегі ірі оқу орындарының жетекшілерімен келісім-шарт жасасқан көрінеді. Бұған дейін де қырыққа жуық елмен мемлекет аралық келісім-шарттарға қол қойылған.
Биылғы жылы жоғары оқу орындарының 1, 2, 3-ші курс студенттерінің үлгерімі жоғары болып, шет тілін жақсы білсе, олардың «Болашақ» бағдарламасымен оқуына жеңілдіктер қарастырылып жатқан көрінеді. Шетелде бакалавр, магистрлікке барғысы келетін үш мың жас үшін биыл бюджеттен 2 млрд 100 млн теңге бөлу көзделіп отыр екен.