Бейсенбі күнгі басылымдар бұл жолғы сандарын халықаралық және коммерциялық емес ұйымдар туралы заңдар және Қазақстандағы президент сайлауының мерзімі мен оған қатысуы мүмкін деген оппозиция өкілдеріне қатысты түрлі сот істерінің жүргізілуі секілді тақырыптарға арнапты.
Республикалық “Егемен Қазақстан” газетінің тілшісі Мейрамбек Төлепберген, “Қазақстан ивестицияның жаңа толқынын тартуда: белсенді ету және тұрақты өсу” деген атпен Алматыда өтіп жатқан бизнес-конференцияға арнаған мақаласында, Ашық қоғам институтының негізін қалаушы, американдық миллиардер Джордж Сорос пен ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов және Қазақстанның сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев арасындағы пікірталасқа назар аударыпты. Мақала авторы “Қасымжомарт Тоқаев Сорос мырзаның ой еркіндігі, сөз бостандығына қатысты айтылған демократиядан ауытқу дегендей емеурінмен білдірген пікіріне, нақты және барынша әділ жауап берді” деп жазады.
Осы мәселеге қатысты “Экспресс К” газетінің журналисті Руслан Бақтыгереевтің мақаласында Джорд Соростың Қазақстанның билік орындарының тарапына айтылған сындары толық беріліпті. Өз сөзінде Джорд Сорос, Қазақстан парламентінде қаралып жатқан экстремизм туралы, ұлттық қауіпсіздік және үкіметтік емес ұйымдарға қатысты заң жобаларын демократия негіздеріне қайшы келетін, репрессивтік деп атаған. Бұған жауап ретінде Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевтың “Қазақстан демократияны әрі қарай құру жолын таңдап алды. Бар мәселе бұл істің қаншалықты тез жүретіндігенде болып отыр” деген сөзі берілген.
Ал “Айқын” газетінің бірінші бетінде жарияланған “Қазақстанды мазақ етуге келген шетелдік ұйымдарды тіркеген кім?” деп аталатын көлемді мақаланың авторы Айхан Шәріп, үкіметтік емес және шетелдік ұйымдарға қатысты екі заң жобасындағы шетелдік ұйымдардың қызметін бақылауға қатысты бірқатар баптардың алынып тасталғанын жазыпты.
“Үкіметтік емес ұйымдардың қызметін шектеуге араша түскендер өз екпінінмен заң жобасы авторларын жапырып кетті” деген тілші сонымен бірге, заң жобасын талқылау барысында “Асар” партиясының төрайымы Дариға Назарбаеваның, “Қазақстандағы көптеген халықаралық ұйымдардың ішінде мемлекет мүддесіне қайшы іс қылатындар жеткілікті. Бұл шпионаж деп аталады” деген сөзін тілге тиек етіпті.
Үкіметтік емес ұйымдар мәселесі оппозициялық “Сөз” газетінің де бейсенбілік санына арқау болыпты. Газетте “Әділетті Қазақстан үшін” қозғалысының төрағасы Жармахан Тұяқбайдың үкіметтік емес ұйымдар туралы заңдардың қатал бола түскендігіне қатысты мәлімдемесі жарияланған. Онда “Әділетті Қазақстан үішн” қозғалысының жетекшісі жаңа заң жобалараның авторлары жобаға заң тұрғысысынан ғана емес, қарапайым түсінік тұрғысынан да түсінуге келмейтін сөйлемдер мен ой тіркестерін қосқанын айтыпты.
Жармахан Тұяқбай: “бұл өз кезегінде, мемлекеттік органдар мен тәртіп сақшыларына коммерциялық емес ұйымдарға түрлі қысым жасауға кең мүмкіндік береді” деген ой білдірген. Мәлімдеме авторы сонымен қатар, жаңа заң жобалары қабылданған жағдайда, үкіметтік емес ұйымдарды тіркеу мәселесінің қиындап кететіндігін, олардың жұмысына мемлекеттік орындардың араласуы мен үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қойылатын шектеулер санының көбейіп кететіндігін тілге тиек етіпті. Президент сайлауының мерзімі тақырыбы да басылым назарынан шет қалмапты.
“Түркістан” газетінің бейсенбілік санында газет тілшісі Есенгүл Кәпқызының “Президент сайлауы қашан өтеді?” деген мақаласы жарияланыпты. Онда тілші, президент сайлауының мерзіміне қатысты Қазақстан Конституциясындағы екі бабтың бір-біріне қайшы келетінін жазған. Мақала авторының айтуынша, ел конституциясының 41-ші бабы бойынша, сайлау 2005 жылдың желтоқсанында өту керек, ал 94-ші бап бойынша, 2006 жылдың желтоқснында өтуі тиіс.
“Сайлаудың нақты қашан өтетіндігін түсіндіріп беру құқығына Конституциялық Кеңес ие, алайда әзірге Конституциялық Кеңес тымы-тырыс” - деп жазады газет тілшісі. Сөз соңында, Қазақстан президентінің кеңесшісі Ермұхамбет Ертісбаевтың “сайлауды 2006 жылдың желтоқсанының 10-на дейін өткізу керек” деген сөзін берген тілші, “президент сайлауы биыл өтуі мүмкін , президент әкімшілігі оппозицияның бел алып кетпеуін ойлап оның мерзімі жөнінде әдейі нақты ештеңе айтпай отырған тәрізді” деген ойын тілге тиек етіпті.
Ал опозициялық “Жұма таймс/Дата недели” газеті президент сайлауының мерзіміне қатысты бірнеше мақала жариялапты. Осы газет бетінде мақала жазған саясаткер Әміржан Қосанов Қазақстан парламентінің бір топ депутатының бастамасымен қабылданып, артынша президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен бекітілген “ҚР-дағы сайлау жөніндегі ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі” “ҚР Конституциялық заңының” жұртшылықтан жасырын түрде қабылданғандығын жазыпты.
Автордың жазуынша, онда президент сайлауының мерзімін хабарлауға қатысты бап өзгертілген. Бұрын жазылған “президент сайлауының басталуы тамыз айының бірінші жексенбісінен кешіктірілмей жариялануы тиіс” деген сөз енді “қыркүйек айының екінші жексенбісінен кешіктірілмей жариялануы тиіс” деген сөзіне алмастырылған.
“Бұл - президент сайлауына оппозициядан түсетін үміткердің сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмысының уақытын шектеу үшін әдейі жасалған шара” дей келе, мақала авторы «осы өзгертулер арқылы билік президент сайлауының биыл өтетіндігін дәлелдеп берді» деп жазады. Сонымен қатар, газет бетінде жарияланған “Назарбаев билікті ешқашан бермейді” деп аталатын келесі мақаланың авторлары соңғы кездері оппозиция өкілдерін сотқа тартудың жиілеп кетуінің астарында, президент сайлауына қатысуы мүмкін оппозиционерлерге кедергі келтіру әрекеті жатқандығын тілге тиек етіпті.
Республикалық “Жас Алаш” газеті де, өзінің бейсенбілік санында президент сайлауының мерзімі мен соған қатысты Қазақстандағы оппозициялық күштердің өкілдерінің сотқа тартылып жатқандығы жөнінде жазыпты. Газетте жарияланған “Ақиқатты айтқанның бәрі айпкер ме?” деп аталатын мақаланың авторы Шадияр Өстемірұлы бүгінге дейін Қазақстандағы демократиялық күштердің 14 танымал өкілінің сотты болғандығын жазып, олардың есімдерін тізіп шығыпты. Және тілші мұндай сот процестерінің президент сайлауы қарсаңында жиілеп кеткендігіне назар аударыпты.