Мексика президенті Висенте Фокстың Украинаға сапары жалғасуда

КИЕВ. Бүгін Висенте Фокс Украина президенті Виктор Ющенкомен келіссөздер өткізеді. Кездесу барысында екі ел арасындағы экономикалық, саяси, мәдени қарым-қатынастары талқыланады. Сонымен қатар, Висенте фокс Украинадағы Мексика елшілігінің ашылу салтанатына қатысады. Украинадан кейін Мексика президенті Мәскеуге аттанады.