Бір баррель мұнайдың бағасы 20 маусымда Лондон мен Нью-Йорктағы саудада 59 доллар 37 центке жетті. Қазақстандық сарапшылар бюджетінінің едәуір бөлігін мұнайдан түскен табыспен толтырып отырған Қазақстан үшін бұл жағымды жаңалық дейді. Бірақ, бұнымен келіспейтіндер де бар.
Сарапшылардың бақылауынша, 1999-ыншы жылдан бері дүние жүзіндегі мұнай бағасы біртіндеп көтеріліп келеді. Ал, биылғы жылы әлемдегі мұнай бағасы бұрын-соңды болмаған көрсеткіштерге жетті, яғни, әр баррель 58-59 доллар тұратын болды. Мұнай баррелінің көтерілуі Қазақстанда жұмыс істеп жатқан мұнай компанияларының табысын ұлғайтқанымен, тұрғындардың басым көпшілігі кезекті рет жанар-жағар май бағасының қымбаттауына көнуге мәжбүр болып отыр дейді кейбір сарапшылар.
Саясаткер Дос Көшім мұнай бағасының көтерілуінде тағы бір қауіп болуы мүмкін дегенді айтады:
- Шарықтау шегінен кейін экономикада міндетті түрде құлдырау болады. Халықаралық деңгейдегі экономикалық дағдарысқа әкелуі әбден мүмкін.
Бұрынғы парламент депутаты экономист Валентин Макалкиннің айтуынша, Қазақстанға мұнай бағасының көтерілгені жақсы. «Біз мұнайды шет елдерге сатамыз, яғни, бюджет түсімдері ұлғаяды. Егерде одан түскен қаржы дамуға жұмсалса, жұмыссыздық мәселесі шешіліп, ішкі өнім шығару мәселесі шешілер еді» дейді экономист Макалкин.
АҚШ-тың энергетика министрлігі Каспийде 200 миллиард баррель мұнай бар деген жорамал жасаған. Мұнай көлемі бойынша Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ішінде Ресейден кейін екінші орында тұр. Және соңғы кезде мұнай бағасы біртіндеп көтеріліп келеді. Қазақстандағы ғылыми-инженерлік «Мұнай» орталығының бас директоры Надир Надиров, мұнай бағасының соңғы уақытта осылайша күрт көтерілуін әлемдегі бірқатар шайқастармен байланыстырады:
- Мұнай бағасы қанша көтерілсе, біз соншама қымбатқа сатамыз, бірақ, ол уақытша. Соңғы көтерілуі Нигериямен байланысты. Ирақта да сондай жағдай. Мысалы, Киркук Ирақ мұнайының төрттен бірін береді. Бірақ, онда күнде жарылыс, не басқа оқиғалар болады.
Экономист Валентин Макалкиннің айтуынша, ақшаның көптігі әрдайым жақсылық дегенді білдірмейді.
- Егер де, оны дұрыс пайдаланбаса, ақша құнсызданып кетеді, инфляция күшейеді. Өйткені, мемлекет экономиканың өндіру салаларына көңіл бөліп отырған жоқ. Тек сөз жүзінде инвестициялық және инновациялық саясат деп айтылады. Ал, осы салаларды дамытуға қатысты маңызды салымдар аз жасалады, - дейді экономист.
Мұнайдан түскен табыстың бір бөлігі ұлттық қорға салынады дейді экономистер. Ресми ақпарат бойынша ондағы қаржының бір бөлігі ішкі нарықта, ал келесі бір бөлігі шетелдік компаниялардың құнды қағаздарына салынған. Үкіметтің осы қаржыны игеруіне қатысты сантүрлі пікірлер айтылып жүр. Саясаткер Дос Көшім мұнайдан түскен қаржыны ұлттық қорға мүлде салмаған жөн деп санайды:
- Қазақстан ұлттық қор жинайтындай белгілі бір тұрақтылыққа жеткен жоқ. Сырттан алатын тауарларды шектеу керек, осы байлықты пайдаланып. Бұл бір, екіншіден, осы ұлттық қорға күдікпен қарайтынымыз - ол мемлекеттік құпия сияқты. Ал, ұлттық қоры бар басқа елдерде ол туралы ақпарат ашық әрі үнемі жарияланып тұрады.
Экономист Валентин Макалкиннің айтуынша, мұнайдан түскен табысты әлі де ұлғайтуға болады. Ол үшін барлық инвесторларды қорқытпай, Қазақстанға бірінші келген компаниялармен жасалған келісім-шарттарды біртіндеп өзгерту керек дейді ол.
- Мәселен, Норвегиядағы кен орындарынан табылған мұнайдың 80 пайызы сол елде қалады. Ал, қалғаны инвестордың үлесіне тиеді. Ал, Қазақстанда бұл қатынас ел үшін өте тиімсіз жасалған, - дейді экономист.
Қазір Қазақстандағы ең үлкен инвестор АҚШ болып отыр. АҚШ компаниялары Қазақстан тәуелсіздік алғалы бұл елге 10 миллиард доллар инвестиция енгізген екен. Яғни, бұл республикаға енгізілген жалпы инвестицияның үштен бір бөлігі. Бұған дейін АҚШ компаниялары Қазақстан үкіметімен әу баста жасалған келісімдерді өзгертуге қарсы екендіктерін білдірген болатын.