Бүгін Бейрутте бомба жарылысынан Ливанның бұрынғы компартия жетекшісі Джордж Хави қаза тапты

Жарылыс кезінде Джордж Хави өз көлігінде кетіп бара жатқан. Христиан дінді Хави Сирия барлау қызметінің Ливандағы іс-әрекеттерін жиі сынап келген қайраткер болатын. Бейрутте осы айда тағы бір белгілі азамат - газет журналисі Самир Кассир қасақана өлтірілген болатын. Ал Хавидің өлімі Ливадағы парламент сайлауынан кейін араға екі күн салып орын алды.