Әлемдік банктың жаңа баяндамасында Шығыс Еуропа мен Орта Азия елдерінде заң жүйесіндегі реформалардың баяу және сын көтермейтін дәрежеде жүргізіліп жатқандығы айтылған. 27 елдегі зерттеулер барысы анықтағанындай, нашар жүргізілген заңдық реформалар азаматтардың сенімсіздігін туғызып отыр.
Әлемдік банк баяндамасының мәліметтеріне қарағанда, өтпелі кезеңді басынан кешіп жатқан елдерде 1990-шы жылдан бері заңдық реформаларда шамалы ғана ілгерілеушіліктер бар екен. Маусымның 20-да жарияланған бұл баяндамада айтылғанындай, бұрынғы коммунистік елдердегі жағдай бір-біріне ұқсас боп шықты.
Көптеген елдерде, әсіресе Еуропа одағы құрамына қабылданған мемлекеттерде заң шығарушы тұғырлар негізінен заңдық жүйе мағынасында жасалған. Баяндама авторларының бірі Шерел Грейдің пікірінше, сот шешімін жүзеге асыру әлі күнге дейін әлсіз және біркелкі емес қалпында қалып отыр.
Тұтас аймақтарды қамтыған бұл баяндаманың мәліметтеріне қарағанда арзан, әбжіл, әділ де айқын сот жүйесін қалыптастыру үшін әлі талай жұмыс атқарылуы тиіс болады. Баяндама авторларының бірі Грей ханым - Әлемдік банк жанындағы кедейлікпен күрес және экономикалық басқару департаментінің директоры.
- Жауапкершілік болмаған жағдайда тәуелсіздікке ие болу - өте қауіпті. Жауапкершілігі жоқ ұйымдарға тәуелсіздік бергеннен гөрі ондай тәуелсіздіктің мүлдем болмағаны артық. Яғни, жауапкершілік жүктей отырып ұйым құру - өте қиын. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жауапкершілік пен тиімділікке болмашы ғана назар аударылған болып шықты, - деді Грей ханым.
Грей ханымның айтуынша, баяу жүргізілген заңдық реформалардың экономикаға кері әсерін өлшеудің өзі оңай емес. Зерттеулерге қарағанда қарапайым азаматтар да, іскер адамдар да бұл мәселеге сенімсіздікпен қарайды екен. Бір зерттеудің нәтижесінен байқалғанындай, сұралған басшы қызметтегі азаматтардың төрттен бір бөлігі ғана сот орындарын әділ де ашық деп бағалайды екен.
Бұл көрсеткіш Албания, Қырғызстан, Молдова және Ресейге қатысты тіпті төмен болып шықты. Бұл орайдағы азаматтардың көзқарасы 1990-шы жылдың ортасынан бастап тіпті төмендеп кеткен екен. Зерттеулердің көрсеткеніндей, экономикалық реформалар ауқымы мен заң жүйесі қызметіне деген көңіл қалушылық арасында тығыз байланыс бар болып шықты.
- Ең нашар мысал Оңтүстік-шығыс Еуропадағы Румыния, Болгария елдерінде болып отыр. Мұнда жеткілікті дәрежеде реформалар жүргізілуде. Ондағы азаматтар мен фирмалардың сотқа жүгінетін талай себептері бар боп отыр. Олар талай істерін сотқа алып келді, талаптарын қойды. Алайда, сот жүйесі мұндай істерді жүргізуге қабілетсіз боп шықты. Сонымен бұл елдерде керемет көңіл қынжылыстары пайда болған, - деді Грей ханым.
Баяндамада көрсетілгеніндей, сотқа көп қайырылмайтын елдер қатарында Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдері бар көрінеді. Алайда, бұл елдерде аймақ бойынша саяси реформаларға шақыру басым екен.