Алматы қаласының Медеу аудандық соты төлем карталарын қолдану арқылы қылмыс жасаған 6 адамға қатысты үкім шығарды.
Сот ұйымдасқан қылмыстық топ құрған деп таныған әлгі адамдарды заңсыз түрде төлем карталарын жасап, оларды қолданған деген айыппен Алматы қаласының қаржы полициясы қызметкерлері ұстаған болатын.
Алматы қаласының қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметкері Руслан Тілемісовтың айтуынша, заңсыз түрде төлем карталарын жасап, онымен ақша алуды кәсіп еткен 6 адамнан тұрған қылмыстық топтың басшысы, Ресей елінің азаматы Сайхан Умаров 2004 жылы Алматы Қазақстанға Грозный қаласынан келіпті, ол осында қылмыстық топ құрған.
- Сайхан Умаров өзінің тобындағы адамдарға жалған төлем карталарын беріп, сол арқылы Алматыдағы ірі банктердің бірінің POS-терминалдары арқылы заңсыз ақша аударымдарын жасатып отырған, - дейді қаржы полициясының өкілі.
Сондай 38 жалған төлем карталарының көмегімен қылмыскерлер 16 миллион 945 мың теңге көлеміндегі сомаға ақша аударымын жасаған.
- Солайша олар банктің POS-терминалдарынан 1,5 миллион теңге ақша алып үлгерген. Қылмыстық топтың мүшесі Алексей Ли өзі жұмыс істеген мекемеде орналасқан POS-терминалдан 15 жалған төлем карталарын пайдалана отырып, жиыны 2 миллион теңгеге транзакция жасаған. Ақшаны фирманың есеп-шотына аударған. Кейінірек топ басшысы Сайхан Умаровтың нұсқауымен, банк арқылы, аударылған ақшаның 400 мың теңгесін қолма-қол ақшамен алып шыққан, - дейді Алматы қаласының қаржы полициясы департаментінің қызметкері Руслан Тілемісов.
Ал қалған ақшаны қылмыскерлер аударып үлгермепті. Жалған төлем карталары арқылы заңсыз ақша аударымдары болғанын байқаған банктің қауіпсіздік қызметінің дабылынан кейін, іздестіру жұмыстарын жүргізген қаржы полициясы үстіміздегі жылдың көкек айында аталған қылмыстық топты қолға түсірген. Қаржы полициясының қызметкері Руслан Тілемісовтың айтуынша, мұндай қылмыс түрі әзірге Қазақстанда кең тарай қоймаған. Бұл жолғы қылмыс жоғары технологияларды пайдалана отырып жасалғандарының ішіндегі ірісі болып табылады дейді ол:
- Жалған төлем карталарын Сайхан Рустамов Қазақстанға Ресейден алып келген. Қазіргі таңда Қазақстанда мұндай жалған төлем карталарын жасаумен айналысатын топ жоқ деуге болады.
«Алматы сауда-қаржы банкісінің» тәуекелдерді басқару және дауларды шешу жөніндегі бөлімінің бастығы Айжан Сәрсенбаева Қазақстанның банк саласында мұндай қылмыс түрлері әзірге сирек кездесетіндігін және мұндай қылмыс түрлері жоғары технологияны қолдану кең тараған дамыған елдерде көбірек орын алғанын айтады.
- Қазақстанның көптеген банктері халықаралық төлем жүйесінің талаптары бойынша жұмыс істейді. Халықаралық төлем жүйесінде төлем карталарының қауіпсіздігіне қатысты бірқатар талаптар бар. Әлемдік дәрежеге шығу үшін, оларды орындау керек болғандықтан, біздің банктер төлем карталары жүйесінің қауіпсіздігін күшейтуге зор мән беріп отыр.
Дегенмен Айжан Сәрсенбаева қазіргі кезде төлем карталары жүйесін бұзу амалдарының жаңа түрлерінің шығуына байланысты бұл тарапта мұқият болу қажет деп есептейді.
- Менің ойымша, мұндай алаяқтық әрекеттер негізінен банк пен оның клиенттерінің өз істеріне салақтықпен қарауынан болады. Төлем картасының иесі өзінің картасы жөніндегі мәліметті құпия ұстауы тиіс, ал банк өз клиенттерін төлем карталарын қолданудағы қауіпсіздік ережелерімен таныстырып отыруы қажет. Мәселен, төлем карталарын заңсыз пайдаланудың жаңа түрі шыға салысымен, төлем карталарының иелеріне бұл жайлы дереу хабарлап отырған жөн.
Осы оқиғадан сәл бұрын, қаржы полициясы қазақстандық “Казкоммерцбанктің” төлем картасы ретінде жасалған жалған пластикалық картамен 800 мың теңгеге сауда жасаған қылмыстық топты ұстаған болатын. Ал 1,5 миллион теңге жымқырған қылмыстық топтың басшысы Сайхан Умаровты Медеу аудандық соты 7 жылға бас бостандығынан айырса, топтың белді мүшесі болған Алексей Лиді 5 жылға, қалған мүшелерінің әрқайсысын 2 жылға соттауға үкім шығарған.