Дәрігер-мамандар алдағы шілде айында Астанада №3 перзентхана үйі ашылуы қаладағы осындай мекемелерге деген зәрулікті аз да болса бәсеңдетер деген үмітте. Тәулігіне 8-10 әйелдің босануына ықшамдалған Астанадағы №2 перзентханада қазіргі уақытта күніне 18-20 нәресте жарық дүниеге келеді екен.
Астана қаласындағы №2 перзентхананың бас дәрігері Гүлжан Шымбаева ханымның айтуынша, соңғы жылдары Астанаға келушілердің көбеюінен табиғи өсім де ұлғайған. Биылғы жылғы бес айда дүниеге келген нәресте саны өткен жарты жылда дүниеге келген нәресте санына тең болған. Ал, бірақ перзентханадағы орын аздық етіп отыр екен.
Астана қаласында перзентханалардың айтарлықтай жетіспейтінін қала әкімі Өмірзақ Шөкеев те айтып отыр. Әкім қаладағы теміржол ауруханасының бір ғимаратын гинекологиялық бөлім етіп қайта жасақтауға биылғы жылы бюджеттен арнайы қаржы бөлінгенін айтады.
Маусымның 22-і күні дүниеге үшінші сәбиін әкелген Ләззәт есімді жас ана отбасында алдыңғы екі ұлынан кейін өмірге қыз бала келсе деп үміттенгенін, бүгін сол арманы орындалғанын айтты «Азаттық» радиосына берген сұхбатында. Ал, Жанна есімді жас ана тұңғыш қызы Кәмиланы маусымның 21-інде дүниеге әкеліпті. Мұндағылардың тағы бірі - 24 жастағы Әсемгүл есімді жас ана дүниеге екінші ұлын әкелген екен.
Астана қаласындағы №2 перзентхананың бас дәрігері Гүлжан Шымбаева ханым қалада табиғи өсімнің көбейіп жатқанын, алайда, маман-кадрлар басқа жұмыстарға ауысуы жиіледі деген қынжылысын айтып, алдағы уақытта медицина саласы мамандарының жағдайы жақсарар деген үмітін білдірді.