Брюссельде Ирақты қайта құру сауалдары қаралған халықаралық конференция өтуде

Оның барысында сөз сөйлеген Британия Сыртқы істер министрі Джек Строу мырза:

- Ираққа соғыс қарсаңында бір-бірімен терең түрде келісе алмаған халықаралық қауымдастықтың, енді міне Ирақты демократиялық, бейбіт те дамыған ел ретінде қайта құру жолында біріккенін бұл конференция айрықша көрсетіп отыр, - деді.

Сондай-ақ, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс ханым Ирақ көтерілісшілеріне қолдау көрсетіп отыр деп Сирия еліне ескерту жасады. Конференция жұмысына 70-тен аса елдер Сыртқы істер министрлері мен басқа да ресми өкілдер қатысуда.