Мұнай экспорты елдері ұйымының президенті Шейх әл-Сабах, Сауд Араб елі және Қатар мемлекеті мұнай министрлерімен сөйлесіп, бағасы рекордтық деңгейге жеткен мұнай мәселесі жөнінде кеңескендігін тілшілерге мәлімдеді

Әл-Сабахтың айтуынша, ОПЕК ұйымына мүше елдер, мұнай бағасы біршама тұрақталғанға дейін тоқетер шешімге келуді күте тұрғандығы жөн екен. Ал мұнайдың бағасы соңғы екі тәуліктен бері барреліне 60 доллардан түспей тұр.