Ирақтағы бүлікшіл топтар азаматтық және қауіпсіздік күштеріне қарсы өз шабуылдарын өткен тәулікте тағы да жалғастырды

Өткен түні Рамади қаласындағы полиция бекетіне 20 шақты қарулы шабуыл жасады. Ирақ полициясының шефі генерал Мохаммад Солихтың айтуынша, ол шайқаста кемінде 8 офицер қаза тапқан. Ал елдің солтүстігіндегі Киркук қаласында кетіп бара жатқан көліктен атылған оқтан Ирақтық курд контракторы мерт болып, бір азамат жарақат алған. Олар АҚШ-тық құрылыс компаниясының жұмысшылары екен.