МОСУЛ. Ирақта зұлымдық жалғасуда. Бүгін Ирақтың Мосул қаласында орын алған жарылыстардан кемінде 36 адам құрбан болып, 19 кісі жараланды. Ал Бағдадта орын алған жарылыстан АҚШ-тың бір сарбазы қаза болып, бірнеше адам жараланды. Сонымен қатар, Ирақ астанасында бүлікшілдер полиция басшысының орынбасарын атып кеткен.