Маусымның 29-ында Астанаға Қырғызстаннан көкөніс тиеген алғашқы керуен келді. Қырғызстандықтар Қазақстан базарына ауыл шаруашылығы өнімдерін, әсіресе, жеміс-жидек шығаруға үлкен талпыныс танытуда. Бірақ, Астанадан үлкен пайда табамыз деп келген қырғызстандықтар бұл жолы зиян шегіп қайтатын болды.
Маусымның 29-ында Астанадағы «Саян» көтерме сауда базарына келіп тоқтаған Қырғызстандық автокеруенінің көкөніс өнімдері бұзыла бастағаны анықталды. Таңертең «Саян» көтерме базарына келушілердің бірқатары саудаға жаңа түскен өнімдерді алғанымен, енді бірқатары бағасы Астанадағымен бірдей өнімдерді алудан бас тартты. Бішкектен осында көкөніс әкеліп отырған Замира Исабаеваның өнімдерін алушылар табылмады. Саудагердің айтуынша, екі күн жолда шие, алша, жүзімдері бұзыла бастаған. «Саян» көтерма базарының тексерушісі Дәурен Баубектиевтің айтуынша, тұтынушылар бұған дейін Қырғызстаннан көкөністер төмен бағамен келеді деп күткен екен. Алайда, бағасы осындағы көтерме базардың бағасымен бірдей болып отырғандықтан, Бішкектен жеткен өнім өтпей тұр. «Саян» көтерме базарының тұрақты тұтынушысы Жанар Есімсейітова болса, бұл жерде негізгі қателік осы сапарды ұйымдастырушыларда болып отыр деп санайды:
- Себебі, олар көкөніс өнімдерін Бішкектегі сауда орталығынан сатып әкелмей, фермерлердің өздерін осында жібергенде ұтатын еді.
Қырғызстанның ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан құрылған өңдеу өнеркісібі қауымдастығының төрағасы Мұхит Бейшенәлиев алғашқы сапар барысында бірнеше қателіктердің болғандығын байқап отыр. Ол алдымен Астана базарындағы бір апта бұрынғы бағамен межелеп келген болса, екіншіден екі ел арасындағы келісімдер де толық шешілмеген көрінеді. «Камаз» автокөлігінің жүргізушісі Берік Салихов оңтүстік өңірлерден әкелінетін көкөніс бағасының өсуіне жанар-жағармайдың қымбаттауы мен бекеттердегі автоинспекция қызметкерлері де әсер етеді деп отыр. Арзан көкөністі көтерме бағамен аламын деп келген өздері де саудамен отбасын асырап отырған астаналық дүкеншілер шекара асып келген қырғыз бауырларына аяушылық білдіріп, олар алып келетін өнімдердің бағасын қалай түсіруге болатындығын айтып жатты.
«Саян» көтерме базарының бастығы Кәриболла Жақыповтың айтуынша, биыл бұл алғашқы автокеруеннің жіберген қателіктері салдарынан өнімді жеткізушілер қаржылай зиян шеккелі отыр. Қырғызстанның ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан құрылған өңдеу өнеркісібі қауымдастығының төрағасы Мұхит Бейшенәлиевтің айтуынша, қырғызстандық өнім жеткізушілер осы қателіктерден нәтиже шығара отырып, өнімдердің бағасын арзандату үшін үлкен де жүрдек мәшинелермен көп мөлшерде өнім жеткізуді жоспарлап отыр.