Қытай президенті Ху Жинтао өзінің Ресей сапарында екі елдің арасындағы қуат көздері және қорғаныс байланыстарына басты назар аударуда

Кеше ол Ресей президенті Вл.Путинмен кездесті. Ху Жинтаоны "досымыз" деп атаған Ресей басшысы алда Қытай-Ресей қарым-қатынастары кең дами түседі деп үміттенетіндігін айтты. Жұма күнгі келіссөздерде Қытай жетекшісі Ресейдің жаңа мұнай құбырын Қытайдың солтүстігі арқылы өткізу мәселелері туралы сөйлеспек. Ресейдегі төрт күндік сапарынан кейін, шілденің 3-і күні, Қытай президенті Қазақстанға барады.