Кеше Ирақ астанасының әскерге алу орталығында жанкешті жарған бомбадан 22 адам құрбан болды

Аурухана қызметкерлері қаза болғандардың 11-і полиция, алтауы басқа адамдар деп хабарлаған. Тағы 22 адам түрлі жарақат алған. Ислам вебсайтында жарияланған мәлімдемеде жарылыстар үшін Әбу Мұсаб әл-Зарқауи жетекшілік ететін Ирақтағы әл-Қаида ұйымы жауапты деп жазылған. Бірақ, бұл деректі тексеру мүмкіндігі болмаған. Кеше сондай-ақ Бағдадтың солтүстік батысында жол бомбасынан үш ирақ солдаты опат болған. Бағдадтан 20 шақырым жерде болған тағы бір жарылыста екі адам құрбан болған.

Кеше АҚШ әскерилері 25 маусымда Анбар провинциясындағы шабуылдарда американдық теңіз жаяу әскерлері немере бауырымды өлтірді деген БҰҰ-ң Ирақтағы елшісі Самир Самэдаидің айыптауларына толық тексеріс жүргіземіз деп уәде етті.