Қазақстанда «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында ашық аспан астындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді түгендеу жүргізіліп жатыр. Мысалы, 1994 жылы Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 109 тарихи ескерткіш болса, 2005 жылдың шілдесіне дейін олардың саны 694-ке жетті. Алайда, археологтар иен жатқан жерлерді игеру барысында ондай ескерткіштердің жойылып кетуі мүмкін екендігін айтып дабыл қағуда.
Соңғы екі жылда Түркістандағы археологиялық зерттеу орталығы ұйымдастырған экспедиция Қармақшы, Түркістан, Шиелі, Жаңақорған, Түлкібас өңірлерінен тас ғасырынан бастап қазақ хандығына дейінгі қыруар ескерткіштердің тізімін жасаған. Экспедиция жетекшісі, профессор Мадияр Елеуовтың айтуынша, сақ, түркі дәуірі обалары өте көп.
Қызылорда облыстық тарихи ескерткіштерді қорғау қоғамының директоры Шайтұрсын Әбдібаевтың айтуынша, өткен жылы осы экспедиция Қармақшы ауданы аумағынан ежелгі заманғы Ширгорабад кентінің орнын, сол жерден алтын бұйымдар тапқан. Биыл экспедиция белгісіз себептермен кешеуілдеп жатқан көрінеді. Түркістан археологиялық орталығының директоры Мадияр Елеуов табылған ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру мәселелерінің сын көтермейтіндігін айтады. Тіпті, Жаңақорған ауданының әкімі Нұрлыбек Жолдасбаев кент тұрғындарының жеке үй салуы үшін ежелгі сақ тайпасы обаларының орналасқан аумағынан жер бөлгендігін мысалға келтіреді.
Қазақстанның жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Бақыт Оспанов болса, тарихи ескерткіштер орналасқан жерлерді құрылыс, шаруашылық және өндірістік мақсатта игеруге тиым салынған дейді. Хабар жасау барысында орын алған оқиға жөнінде Жаңақорған ауданы әкімдігімен хабарласқанымызда, аудан әкімнің міндетін уақытша атқарушы Серғожа Ыдырысов археологтар мәселе көтергеннен кейін алғашқы шешім өзгертілгенін айтты.
Археологтар «Мәдени мұра» бағдарламасына орай республикада жүргізіліп жатқан жұмыстардың жүйесіз атқарылып жатқандығын және қаржының аз бөлініп отырғандығын айтады. Биылғы жылы тек Алматы, Қызылорда, Павлодар облыстары аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің тізімін жасауға қаржы бөлініп отырған көрінеді.