Қарағанды Мемлекеттік медициналық академиясында оқу ақысын көтеруге наразы білдірген студенттердің бастамашыл тобы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жолдады. Онда жастар оқу орны басшылығының әлгіндей мазмұндағы шешімімен келіспейтіндігін жазған.
Шілденің 9-күні «Азаттық» радиосына хабарласқан осы Академияда оқитын студент оқу орны әкімшілігінің тарапынан басшылықтың шешіміне қарсылық білдірген студенттерге қысым шаралары жасалып жатқанын хабарлады. Өз аты-жөнін атамауды сұраған, Қарағанды медицина академиясының бірінші курсын тәмамдағалы отырған бұл студент те жаңа оқу жылына арналған келісім-шартқа қол қоюдан бас тартыпты. Сондықтан, ол өзін оқу орнының әкімшілігі емтиханға жібермей қойды дейді. Ал әкімшілік шығарған әлгі даулы құжатта жаңа оқу жылынан бастап екінші курс студенттері 80 мың теңгенің орнына 191 мың теңге төлейді деп көрсетілген. Көп балалы шаңырақта тәрбиленіп жатқан бұл студент мұндай қаржыны алты жыл қатарынан төлеуге өз отбасының жағдайы көтермейтінін айтады:
- Біздің отбасымызда үш бала жоғары оқу орында оқиды. Оның екеуі коммерциялық бөлімде оқиды. Сондықтан, мұндай қаржыны ата-анам өтей алмайды. Өйткені, екеуінің жалақысы он мың теңгеден ғана болып тұр.
Аталмыш оқу орнының ұжымы үшінші, төртінші курс студенттері үшін де жаңа жылдан бастап бір жылдық оқудың құны елу пайыз шамасында қымбаттайтыныны туралы хабарлама жасапты. Бірақ, студенттердің бір тобы мұнымен келіспей келіспей отыр.
- Алтыншы курстың студенттері де қарсы, олар соңғы жылда ақысын өтей алмай қалса, қиын ғой - алты жыл оқығаны далаға кетеді, мамандық бойынша диплом ала-алмай қалады.
Сонымен қатар, медициналық Академия студенті «оқу орнының басшылығы бізді алдын-ала ескерткен жоқ. Енді қысым көрсетіп жатыр» дейді:
- Ректорат тарапынан 77 студентті қорқытып, осы келісім-шартқа қол қойғызды. Оларға «емтиханға кірмейсіңдер» деді. Қорыққандар қол қойды. Бірақ, көпшілік қарсы.
Қарағанды медицина академиясының басшылығы және денсаулық сақтау министрлігі өкілдерімен тілдесудің әзірше сәті түспей отыр. Ал, «Қазақпарат» агенттігі таратқан хабарда, оқу орнының басшылары оқу ақысын көтеруге негіз болған деп, үкімет қаулысы мен ҚР денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сілтеме жасағаны айтылған. Медицина Академиясының студенті бұл жөнінде басшылықтан қандай түсініктеме естігенімен бөлісті:
- Біздің оқуға төлейтін ақшамыздың есебінен мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын 30 пайызға көтереміз деп айтты.
Ал, қазақстандық заңгер Мұстақым Төлеев мұндай әркетті заңсыз деп бағалап отыр:
- Келісім-шартта алдын-ала қарастырылмаса, ондай өзгерістерді заңды деп айтуға болмайды - заңсыз. Оқытушылардың студенттерді мәжбүрлеуге құқы жоқ. Студенттер сотқа жүгінуі керек, құрылған топтың атынан ашық хат жариялауы керек. Бірғаным Әйтімованы жалпы жиналысқа шақырып мәселені шешу керек. Мен де естігем бұл әңгіменің шет жағасын. Алматыдағы медицина институтының ректоры, «оқудың ақысын қалай болғанда да қымбаттату керек. Оқығысы келсе оқысын, келмесе – оқымасын» деп айтып жатты. Бұл дұрыс емес.
Қарағанды медициналық Академиясының бір топ студенті қол қойған ашық хат Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдапты. Оқу ақысының бұрынғы қалпында қалуын талап етіп отырған студенттер Астанадағы ресми билік ол шешімді өзгертуге себепші болар деген үмітте.