АҚШ мемлекеттік хатшысы АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынастарды оң бағалады

АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынастар жақсы деп мәлімдеді. Бірақ Райс ханым Қытайдағы адам құқықтары жағдайына алаңдаушылығын білдірді. Сонымен қатар, Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына бағытталған келіссөздердің жаңадан басталуына байланысты Қытайдың атқарып жатқан ролін оң бағалады.