Қырғызстанда өткен президент сайлауының ресми қорытындысы бүгін жарияланады

БІШКЕК. Қырғызстанда өткен президент сайлауының ресми қорытындысы бүгін жарияланады. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, президент сайлауына түскен үміткер Құрманбек Бәкиев 90 пайызға жуық дауыс жинаған. Наурыз айының 25-інен бері Бәкиев Қырғызстанның уақытша үкіметіне жетекшілік етіп келген. Жексенбі күні өткен президент сайлауына 6 үміткер түсіп, Қырғызстан халқының 75 пайызы қатысқан.