АҚШ Мемлекеттік хатшысы Кондолеза Райс ханым ресми Бежінді Тайваньмен және Тибеттіктердің рухани көсемі Далай Ламамен тығыз байланыс орнатуға шақырды

Қытай елбасы Ху Жиңтаомен кездесу барысында ол Далай Лама қауіпті адам емес, деді. Райс ханым сонымен бірге Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына орай алты жақты сөйлесулерге қайтып оралу сауалын талқылауда. Осылайша Корей түбегін ядролық қарусыз аймаққа айналдыру көзделуде.