Қырғыз елбасы міндетін атқарушы Құрманбек Бакиевтің жексенбідегі сайлауларда жеңіске жеткендігі бүгін жарияланды

Қырғыз Орталық сайлау комиссиясының айтуынша, дауыс бергендер санының 95 пайызын есептеу бойынша Бакиевтің 88,9 пайыз дауыс жинақтағаны анықталған. Бакиевпен бірге бұл бәйгеге танымал емес тағы бес үміткер түскен еді. Екінші орында келген Тұрсынбай Бәкірұлы 4 пайыздай ғана қолдаушы даусына ие болған екен. Сайлаушылардың бұл науқанға 74,6 пайызы қатысқан. Халықаралық ұйымдардың бағасы бойынша бұл сайлаулар демократиялық талаптар бойынша айтарлықтай табысқа қол жеткізу болды. ТМД елдері бақылаушылары да аталған сайлауларды ашық та айқын болды деп бағаласты.