БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан Бейрутте болған бомбалық шабуылды айыптады

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тарапынан жасалған мәлімдеме де бұл шабуылдарды, сондай-ақ Израйльде орын алған жанкештілік әрекетті айыптады. Оның кесірінен қызметінен кететін Ливан Қорғаныс министрі Елиас Әл-Мурр жараланған екен. Ол- Сирияшыл бағыттағы елбасы Емиле Лаходтың күйеу баласы. Сол шабуылдарды ұйымдастырғандарды тауып, жауапқа тартуды Аннан мырза Ливан өкіметінен сұрады. Ел өкімет басшысы Фуад Синиора болса елбасы Лаходқа жаңа өкімет құрамын таныстырды.