Лондонда өткен аптада метродағы үш пойызда және бір автобуста жарылыс ұйымдастырған деген күдікке төрт адам алынған, дейді Лондон полициясы. Лондондағы баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде Полиция комиссарының көмекші орынбасары Петер Клерктің айтуынша, ол төрт адамның бірге келе жатқан сәттері құпия камера таспасынан табылған екен. Олар шілденің 7-сі күні таңертеңгі сегіз жарымда Кинг Кросс бекетінде бірге бейнеленген. Бұл төртеудің бірінің сол бомбалық шабуыл барысында қаза болғандығы жөнінде мықты дәлелдерінің бар екендігін Клерк мырза айтты. Қалған үшеуінің де сол жарылыстар тұсында қаза болған, болмағандарын анықтау үшін полиция жасақтары жұмыс істеуде. Мұның өзі ұйымдасқан жанкештілік әрекеттердің болғандығын дәлелдей түспекші. Арнайы шаралар барысында бір адам тұтқындалып, жарылғыш заттар қоймасы табылған.